Маңғыстау әкімдігі мен «Қазақтелеком» цифрландыру саласындағы «Жол картасына» қол қойды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Маңғыстау облысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Жол картасына» қол қойды, деп хабарлайыды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қол қойылған құжаттың негізгі бағыттарының бірі ауылдық аймақтарда интернет желісінің жылдамдығын арттыру арқылы ел экономикасының барлық саласын цифрландыру қызметтері сервистерінің бірыңғай деңгейін қамтамасыз ететін инфокоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысу және серіктес болу болып табылады.

Бүгінгі күнде облыстың 61 ауылының 34-і талшықты оптикаға қосылған. Жол картасына сәйкес 2018-2019 жылдар аралығында 16 ауылға, оның ішінде МЖС жобасы бойынша 6 ауылға талшықты оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу жоспарланып отыр. Сонымен бірге осы ауылдық елді мекендерде LTE 800 технологиясы бойынша 4G жаңа буынының сымсыз қатынау желісін салу жоспарланды. Талшықты-оптикалық желіні кеңейту барлық ауыл тұрғындарын цифрлық қызметтермен, КЖҚ және ұтқыр байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерді бірыңғай корпоративтік желіге біріктіріп, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсатты көрсеткіштерін орындауға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: «Бірлескен іс-шаралармен шешілетін өзекті міндеттердің бірі облыстың барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандарының интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынауын қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі күнде мектептердің тек 55% мен медициналық мекемелердің 8% ғана 10 Мбит/с астам жылдамдықпен жұмыс істейтін жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланады. 2018 жылдың соңына дейін Маңғыстау облысының барлық 134 мектебі мен 111 медициналық мекемесін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл өз кезегінде білім беру және денсаулық сақтау саласында цифрландыру жобаларын жүзеге асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді»- деді.
null 

Сонымен қатар Маңғыстауда «Smart Sity» пилоттық жобасы жүзеге асырылады. Бұл бағытта «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы жылы Ақтау қаласы мен Жаңаөзен қаласында 250 үйге 1650 бейнекамера орнатып, көп қабатты тұрғын үй секторының 62 мыңнан астам тұрғынын «Бұлтты бейнебақылау» қызметіне қатынауын қамтамасыз етеді.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев: «Бүгінгі күнде өңірде жүзеге асырылатын маңызды жобалардың бірі - Бейнеу және Қарақияқ аудандарын цифрлы қызметтермен қамтамасыз ететін «Цифрлы аудандар» жобасы болып табылады. Біздің тарапымыздан бұл жобаны жүзеге асыру үшін интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерінің деңгейін 100 үйге шаққанда республикалық орташа деңгей 29%-дан 60%-ға дейін қамтамасыз етуге күш салуға бағытталатын болады»- деді.

null null 

Соңғы жаңалықтар