+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

«Мәңгілік полк» әлеуметтік желісі Панфилов дивизиясын жинайды

2016 жылғы 1 тамыз 11:33
Бөлісіңіз:
«Мәңгілік полк» әлеуметтік желісі Панфилов дивизиясын жинайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соғыс ардагерлері мен ұрпақтарына арналған, «Ресей мәңгілік полкы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының бастамасымен ашылған әлеуметтік желі күннен-күнге жаңа пайдаланушылармен толығып келеді. Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ұрпақтары ресурсқа өз ата-бабалары жайлы мәліметтерді тіркеп жатыр.

Осылайша, polkrf.ru сайтына атақты Панфилов дивизиясы жинала бастады - аты аңызға айналған генерал Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамова және соңғы көзі тірі панфиловшы, мәскеулік Владимир Бурцев әлеуметтік желіге тіркелді, деп жазады «Известия» газеті.

Басылымның хабарлауынша, «Мәңгілік полк» сайты ҰОС ардагерлері ұрпақтары бір-бірін қиындықсыз табу үшін әлеуметтік желі технологияларын пайдалана бастаған. Олар бұрынғы КСРО аумағында ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүргендіктен, әлеуметтік желі өзіне 300 миллион қолданушыны сыйғыза алады.

«Ресей мәңгілік полкы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының тең төрағасы Николай Земцов өз туысының соғыс жолын, қызмет еткен мекен-жайын, алған наградаларын жазған адам оның майдандас достарын тауып, балаларымен, немерелерімен байланыса алатынын айтуда.

Ол бірнеше айдан кейін (қарашада) Мәскеу түбіндегі Қызыл армия шабуылының 75 жылдығы тойланатынын еске салды. Дәл сол жерде жеңілмейтін неміс әскері жайлы миф сейілген еді. Бұған дейін екі ай бойы ауыр шайқастар өтті, онда генерал-майор Иван Панфиловтың басшылығындағы атақты 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсті.

Оның негізгі жауынгерлері Қазақ КСР Алматы және Қырғыз КСР Фрунзе қаласының тұрғындары еді. Әсіресе 1075-атқыштар полкының 2-батальоны 4-рота құрамындағы 28 жауынгер кең танымалдылыққа ие болды. Сол 28 жауынгерді батыр-панфиловшылар деп атаған.

Генерал Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамова жауынгер-панфиловшылардың ұрпақтарын біріктіретін қауымдастық құруды бұрыннан армандағанын айтты. Енді міне, оның арманы жүзеге асты.

- Менің атам генерал Панфилов қызмет еткен атақты дивизия жауынгерлерінің барлық ұрпақтары осы сайтта жинала алады. Тек қана Қазақстан мен Қырғызстан емес. Қарапайым іздеу жүйесі арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен қарулас достарын тауып, оның ұрпақтарымен байланыс орнатуға болады. Осылайша, біз жауынгерлердің ұрпақтары дивизия жауынгерлері мен офицерлері жайлы отбасылық архивте жатқан барлық мәліметтерді бір жерге жинай аламыз, - деп атап өтті генерал Панфиловтың немересі.

Генералдың немересінен кейін әлеуметтік желіге соңғы көзі тірі панфиловшы, 90 жастағы мәскеулік Владимир Бурцев тіркелді.

Әлеуметтік желініс ілгерілетудің алдағы жоспары - Панфилов дивизиясы секілді басқа да дивизия, полк, роталарды қайта «құрастыру» . «Мәңгілік полк» порталында соғыс ардагерлері ғана емес, тыл ардагерлері, партизандар, соғыс балалары жайлы мәліметтерді де енгізуге болады. Батырлар ұрпақтарында аталары жүріп өткен жерлермен танысу мүмкіндіігі пайда болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Әлем, Қоғам, Жеңіс күні,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT