«Мәңгілік ел» тақырыбындағы ғылыми жобалар грантқа ие болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі гранттық қаржыландыруға ие болу мүмкіндігін беретін ғылыми жобалардың бағыттарын атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы министрліктің Ғылым комитетінен хабарлады.

Биылғы жылы ғылыми жобалардың гранттарына жеті басым бағыт бойынша 28,6 миллиард теңге бөлінген.

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттар келесі бағыттарға бөлінетінін хабарлайды: табиғат және су ресурстарын тиімді түрде пайдалану; геология; қайта өңдеу; жаңа материалдар мен технологиялар; қауіпсіз өнімдер мен құрылымдар; энергетика мен көлік құрау; ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар; жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; өмір мен денсаулық бойынша ғылымдар;«Мәңгілік ел» идеясы бойынша ғылыми негіздемелер (ХХІ ғасырдың қалыптасуы, гуманитарлық ғылым бойынша  терең ізденістер); агроөнеркәсіп саласының дамуы мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс.

«2018-2012 жылдары іске қосылатын жобалар экономика, өндіріс пен әлеуметтік саланың қажеттілігін шешуге бағытталады. Биылғы жылы гранттық жобаларға деген талап күшейе түсті», - деп хабарлады Ғылым комитеттің төрағасы Болатбек Әбдірасылов.

Гранттық қаржыландыруға өтінім қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Сонымен бірге, өтінім берушілердің жеке тіркеу нөмірі болуы тиіс. Жобаны жүзеге асырушылардың 30 проценті 35 жасқа дейінгі жас мамандар (докторанттар, PhD, магистранттар) болуы керек.

Соңғы жаңалықтар