«Мәңгілік Ел» пойызы Қазақстанның 33 елді мекенінде болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпыреспубликалық акция басталды. Мамандар мен түрлі ведомстволардағы сарапшылар мінген «Мәңгілік Ел» пойызы қазақстандықтарға бес институционалдық реформаның іске асырылуын түсіндіреді.

Акция ұйымдастырушыларының хабарлауынша, «Мәңгілік Ел» пойызы Қазақстанның 33 елді мекенінде болып, Наурыз мерекесінің қарсаңында сапарын Алматыда аяқтайды.

«Акцияның негізгі лейтмотиві - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, 1 наурыз - Алғыс күніне арналған шаралар циклы, сондай-ақ бес институционалдық реформа, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеяны іске асыру. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Қазақстанның жасампаз бастамаларының белгісімен өтуі тиіс», - делінген «Қоғамдық келісім» хабарламасында.

«Мәңгілік Ел» - бұл қазақстандықтарды қайырымдылық қызметке тартуға бағытталған «Қайырымдылық керуені» атты жаңа ұлттық қайырымдылық науқаны - ол қазақстандық біртектіліктің,, қоғамдық келісімнің және жалпыұлттық бірліктің нығаюына септігін тигізетін жоба, деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Пойыз тоқтайтын елді мекендердің тұрғындары қоғамдық қабылдау туралы толық ақпарат ала алады, кеңестерді түрлі ведомстволардың мамандары өткізеді, бұдан басқа, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық шараларын өткізу жоспарланып отыр.
null

Соңғы жаңалықтар