«Мәңгілік Ел» мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз ел болуы тиіс - Аружан Саин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көмекке мұқтаж жандарға барынша қол ұшын созу әдеттегі нәрсеге айналу керек. Бұл ойымен «Милосердие» қорының директоры, продюсер, «Мәңгілік Ел - Нация единого будущего» форумының қатысушысы Аружан Саин бөлісті.

Оның айтуынша, елімізде бір-біріне көмек көрсетуге келгенде азаматтық белсенділік артып келеді. Ең бастысы бұл қайырымдылықпен тығыз байланысты.

«Әркім қоғамның жақсара түсуіне барынша волонтерлік немесе қаржылай көмегін көрсетуге тырысады. Соңғы уақытта елімізде барлық жұмыстар ұйымдасқан түрде өте бастады. Оған Қарағандыда үйлерін су басқан адамдарға көмек көрсеткен кезде көзіміз жетті. Менің басты арманым - қайырымдылық біздің өміріміздің басты үрдісіне айналғаны. Көмектесу үшін мұқтаж адамды іздеудің керегі жоқ. Ол сіздің көршіңіз болуы мүмкін. Ол жасы үлкен қария болуы мүмкін. Сіз оған нан, сүт алып келе аласыз. Жылы сөзбен қолдай аласыз. Елбасы Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз елге айналуы керектігін үнемі айтып жүреді. Біздің Мәңгілік Еліміздің негізгі тіреуі сол болу керек», - деді А.Саин.

Қоғам қайраткерінің ойынша, Елбасы бүгінгі таңда демократиялық мемлекеттің дұрыс даму жолын көрсетіп отыр. Ол қоғам мен мемлекеттік органдардың арасындағы диалогта жатыр.

Айта кету керек, Аружан Саин жақында Астанада өткен Қазақстанның патриоттар форумына қатысты. Өзінің сөзінде ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек Жолы» сыйлығынан түскен қаражатты 29 баланың өмірін арашалап қалуға жұмсағанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар