Мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Қапшағай мұз айдынында видео түсірді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы мәнерлеп сырғанаушысы, қазір бапкері Ксения Панкратова өзінің Instagram желісіндегі жазылушыларын далада мәнерлеп сырғанаған кезекті видеосымен қуантты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаумен танылған алматылық мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова тағы да Қапшағай су қоймасының қарлы мұзында өнер көрсетті.

«Қыс ертегісі» деп аталатын бейнебаянға музыкалық сүйемелдеу ретінде спортшы Батыр Шүкеновтың «Отан ана» әнін таңдады.

Еске салайық, осыдан екі жыл бұрын Ксения Панкратова мұз қатқан Қапшағай су қоймасында қызыл көйлекпен сырғанап, желі қолданушыларының көзайымы болған еді.

Сондай-ақ спортшы Солтүстік Қазақстан табиғатының сұлулығын көрсеткен болатын. Ол Павлодар облысының оңтүстігіндегі Баянауыл ұлттық паркінің аумағында орналасқан Жасыбай көлінде сырғанап, өнерімен көпшілікті тәнтті етті.

Айта кету керек, 2018 жылы желтоқсанда спортшы, бапкер Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап, ол көпшіліктің көңілінен шыққан еді.

Видеодан алынған кадр/instagram.com/pankratova__k
Соңғы жаңалықтар