Мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Баянауылдың сұлулығын көрсетіп, желіні тағы қуантты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаумен танылған алматылық мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова бұл жолы Солтүстік Қазақстан табиғатының сұлулығын көрсетті. Ол Павлодар облысының оңтүстігіндегі Баянауыл ұлттық паркінің аумағында орналасқан Жасыбай көлінде сырғанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жолы ол шлейфі ұзын көк көйлекпен мәнерлеп сырғанап, желі қолданушыларын тағы бір қуантты.

«Солтүстік Қазақстандағы Павлодар маңы – таңғажайып жер. Міндетті түрде жазда тағы келемін. Бұл бір ұмытылмас сапар болды: әдемі табиғат, қонақжай адамдар және телегей-теңіз жарқын эмоция! Біздің жұмысымызды бағалайсыздар деп үміттенемін. Бүкіл әлемге What is Kazakhstan-ды бірге көрсетейік!» – деп жазды мәнерлеп сырғанаушы Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, бұл биылғы жылдың ең қиын түсірілімдерінің бірі болған.

«Мұздың қалың болғанына қарамастан, көлдің беті су. Көйлегімнің етегі әбден су болып, салмағы 10 келіге барды, ал қатты соққан жел мені артқа тартып, көйлегім тап бір парашютке айналды. Сөйтіп алға жүруім қиындады. Бірақ бейнероликтің соңында көйлектен шашыраған тамшыларды айтсаңыздаршы, бұл – менің сүйікті сәтім...», – деді Ксения.

Осы посттың астында желі қолданушылары эмоциясын бөлісіп, таңданысын жасырмады:

«Wow, it's amazing. Жоғары деңгейде. Сондай әдемі. Таңғажайып табиғат, ғажайып Ксюша. Өте әдемі жер. Керемет» деп жазды олар.

Жыл басында Ксения Панкратова мұз қатқан Қапшағай су қоймасында қызыл көйлекпен сырғанап , желі қолданушыларының көзайымы болған еді.

Айта кету керек, 2018 жылы желтоқсанда спортшы, бапкер Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап, көпшіліктің көңілінен шыққан еді.

23 жастағы спорт шеберіне кандидат, фигурист Ксения Панкратова спорттағы мансабын аяқтағанын айтты. Қазір ол бапкерлікпен айналысады.


Соңғы жаңалықтар