Мәнерлеп сырғанау: Қазақстан алғаш рет жұптық сында бақ сынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония астанасы Таллинде мәнерлеп сырғанаудан өтетін «Челленджер» санатындағы Tallinn Trophy-2018 турнирінде қазақстандықтар алғаш рет жұптық сында өнер көрсетеді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық  Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, елімізде алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан спорттық жұп жасақталды. Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов спорттық жұп ретінде алғаш рет айдынға шықпақ.

Сондай-ақ, 26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін халықаралық додаға Қазақстан атынан бірнеше спортшы қатысатыны күтілуде. Атап айтар болсақ, әйелдер арасындағы сында Айза Имамбек, ерлер арасындағы бәсекеде Артур Панихин мен Никита Манько бақ сынайды.

Сонымен бірге, 4 желтоқсан күні қазақстандық спортшылар Загребтегі халықаралық турнирге қатысатыны жоспарланған.  

Соңғы жаңалықтар