Манчестердегі терактіде әйелді смартфоны құтқарып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс елдерінің БАҚ-тары Манчестердегі теракт кезінде iPhone 6s смартфонының корпусы британдық азаматшаны құтқарып қалғаны жөнінде жазуда.

Ұялы телефон бомба жарықшағының бетін қайтарған. Лиза Бриджеттің күйеуі бұл оқиға туралы Фейсбуктегі парақшасында жазды. Ол қираған әрі қан дақтары бар смартфонның суретін жариялады.

Әйелдің күйеуінің айтуынша, оның жұбайы жарылыс кезінде телефонмен сөйлесіп тұрған. Жарылғышқа қосылған темір гайка оның сол қолының саусағын жұлып кетіп, смартфонның төменгі бөлігін қиратқан (алюминий корпус, динамик, плата және дисплейі) сосын мұрынға келіп тиген. Сонымен қатар әйелдің саны және жіліншігіне зақым келген. Алайда Лизаның күйеуі, зардап шегушінің көңіл-күйі жақсы әрі жарылыстан кездейсоқ аман қалғанына қуанатыны жеткізген.
Еске сала кетсек, 22 мамырдағы террорлық акті кезінде 22 адам қаза тауып, 120-дан астам адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар