Манчестердегі сауда үйінде белгісіз біреу бес адамды пышақтаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пышақ ұстаған белгісіз біреу Ұлыбританияның Манчестер қаласы орталығындағы Arndale сауда үйінің келушілеріне шабуыл жасады. Полицияның мәліметінше, 5 адам жарақаттанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар жоқ. Барлық зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді.

Шабуыл жасаушы қолға түсті. Ол 40-50 жас шамасындағы ер адам болып шықты.

Дүкендердің барлық келушілері мен қызметкерлері сауда үйінен эвакуацияланды, сондай-ақ, сауда үйіне жақын орналасқан көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Шабуылдың себептері әзірге хабарланбайды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар