«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Жозе Моуринью қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Манчестер Юнайтед» футбол командасының бас бапкері Жозе Моуринью қызметінен кетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтемемен.

«Клуб Жозеге «Манчестер Юнайтед» сапындағы қызметі үшін алғыс айта отырып, алдағы жұмысына табыс тілейді. Жақын арада маусым соңына дейін уақытша бас бапкер тағайындалады», - делінген футбол клубы таратқан хабарламада.

 Айта кетейік, клуб соңғы кездесуде сырт алаңда «Ливерпульге» 1:3 есебімен есе жіберген болатын. Қазіргі сәтте «МЮ» АПЛ-де 6-шы сатыда тұр және «Ливерпульден» 19 ұпай артта келеді.

Моуринью 2016 жылы клубтың бас бапкері болып тағайындалған еді. Ол клуб тізгінін ұстаған уақыт ішінде Лигалар Кубогы, Еуропа лигасы және Англияның Суперкобгын жеңіп алды.

Ол бұған дейін «Порту», «Челси», «Интер» және мадридтік «Реалда» қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар