+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

«Манас» жырының қазақша нұсқасын 67 күнде жазып шықтым – Баянғали Әлімжанов

2020 жылғы 23 қыркүйек 13:10
Бөлісіңіз:
«Манас» жырының қазақша нұсқасын 67 күнде жазып шықтым – Баянғали Әлімжанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл кітаптың ерекшелігі – жырдың ең қуатты, көркем, поэтикалық жерлерін, Манастың рухын бере алатын жерлері қара сөзбен түйінделіп жазылған. Бұл туралы Достық үйінде халықаралық Түркі академиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Бекем бауырластық байланыстар: Манастан Абайға дейін» атты алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жазушы Рахымжан Отарбаев атындағы сыйлықтың жеңімпаздары анықталды Сәбит Мұқановтың біз білмейтін қырлары көп - академик Зарқын Тайшыбай Алматыда жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» романының тұсауы кесілді

«40 жылға жуық уақыт бойы осы Манас жыры туралы айтып келе жатырмын. Оны қазақтың жырындай жақсы көрдім, бірақ «Манасты» қазақ тіліне аударамын деген ой басыма келмеген. 2019 жылы қараша айында Қырғызстанда қазақ-қырғыз зиялыларының басқосуы болды. Оны Халықаралық түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымдастырып, ол жаққа бірге барып келу туралы ұсыныс айтты. 1 желтоқсан күні таңға жуық «Манас» жырының алғы сөзі ғарыштан құйылып келе қалды. «Манас» жырының бас жағын әр манасшы әртүрлі айтады. Мен ойыма келген алғашқы жолдарын қағазға түртіп қойдым да, «Манасты» қазақша айтып шығу туралы ойландым. Мұхтар Әуезов бастап шығарған 4 кітап – сирек кездесетін кітап. Балалар үшін ол қолжетімді емес. 4 томдық кітапта 100 мың жол өлең бар. Оны қарапайым оқырман түсіне бермейді. Қырғыздардың өзі «Манасты» балаларға қалай оқыту жолын қарастырып, 1 топқа сыйғызып шығарған кітабы да бар», - дейді жыршы, манасшы Баянғали Әлімжанов.

Оның айтуынша, жырдың орта тұсына келгенде Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге хабарласқан.

«Оған өз ойымды жеткізіп едім, ол бұл керемет жаңалық екенін айтты. «Манасты» толық қазақша айтып шықтым. Бұл кітаптың ерекшелігі – жырдың ең қуатты, көркем, поэтикалық жерлерін, Манастың рухын бере алатын жерлері қара сөзбен түйінделіп жазылған. Жырды болашақ ұрпаққа ықшамдап, түсінікті тілде айтып бергім келді. «Манас» жырын әр манасшы өзінше айтады. Жырдың негізгі оқиғасы біреу болғанмен, оның жеткізілуі, түйінделуі әртүрлі», - дейді ол.

Еске сала кетсек, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжанов «Манас» дастанын өзінің керемет шеберлігімен қазақшалап шыққаны туралы жазған едік.


Фото: www.elana.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT