+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

«Манас» дастаны 60 жылдан кейін қазақ оқырмандарының қолына қайта жетті

2020 жылғы 23 қыркүйек 12:22
Бөлісіңіз:
«Манас» дастаны 60 жылдан кейін қазақ оқырмандарының қолына қайта жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Достық үйінде Түркі академиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Бекем бауырластық байланыстар: Манастан Абайға дейін» атты алқалы жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жазушы Рахымжан Отарбаев атындағы сыйлықтың жеңімпаздары анықталды Сәбит Мұқановтың біз білмейтін қырлары көп - академик Зарқын Тайшыбай Алматыда жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» романының тұсауы кесілді

Шара барысында Халықаралық Түркі академиясы дайындаған «Манас» эпосының қазақ тіліндегі нұсқасы және Абай шығармаларының қырғыз тіліндегі академиялық басылымы таныстырылды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай екі сүйінші жаңалығымыз бар. Бұл бауырластық байланысымызды бекемдей түсетін рухани қазыналармен толығып жатыр. 1961 жылғы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен жарық көрген «Манас» дастаны 60 жылдан кейін қазақ оқырмандарының қолына қайта жетіп отыр. Жыршы, манасшы Баянғали Әлімжанов өзінің керемет шеберлігімен қазақшалап шықты», - дейді Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.


Сондай-ақ, биыл ұлы Абайдың 175 жылдығы.

«Бұл қазақ елінде ғана емес, бауырлас түркі жұрттарында да кеңінен атап өтілуде. Соның бір жарқын айғағы – Абай тек қана қазақтың ақыны емес, қырғызға да ортақ тұлға ретінде академиялық таңдамалы жинағы бірінші рет жарық көріп отыр. Түрік академиясы осы екі еңбекті сіздерге ұсыну мәртебесіне ие болды», - дейді ол.


Жиын басталған кезде аталған екі еңбектің тұсауы кесілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT