Мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін - Есмағамбетова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда алдағы айда коронавирус жұқтырған адам саны қаншаға дейін жетуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Қазақстан эпидемияның өршу кезеңінде тұр. Жұқтыру деңгейі 8 пайызды құрап отыр. Әйтсе де аурудың өршуін, шарықтау шегі мен төмендеуін наурыз, сәуір және мамыр айларында өткереміз. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін 2700 адамға дейін коронавирус жұқтыруы мүмкін. Мамыр айының соңына дейін 4 мыңға жуық адам індетке шалдығуы ықтимал», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұған дейін Айжан Есмағамбетова осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 40 мыңға жуық азаматтың анықталғанын мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар