Мамырдан бастап тауарлы газдың шекті көтерме бағасы 15% қымбаттайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Энергетика министрлігі Қазақстанда тауарлы газдың шекті көтерме бағасын белгілейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады.

Оған сәйкес шекті көтерме баға орта есеппен 15% өседі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы тұрғындар үшін 22,06 теңге/м3.

Тауарлы газға тұрғындарға арналған шекті көтерме баға 15%-ға өскен кезде Қазақстандағы бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1,1-ден 3,87 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі.

Орташа өсім шамамен 2,7 теңге/м3 құрайды (ҚҚС есептемегенде).

Тауарлы газ шекті көтерме бағасының өсуі тауарлы газды жеткізу құнының өсуіне, тауарлық газ өндірісінің 2019 жылы 33,1 млрд м3-тен 2022 жылы 27,8 млрд м3-ке дейін төмендеуіне және ішкі нарықта тауарлы газды тұтынудың 2019 жылы 15 млрд м3-тен 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 млрд м3-ке дейін өсуіне байланысты.

Бұйрықтың жобасы Қазақстан өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жылдарға бөле отырып, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге ішкі нарықта тауарлы газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасын белгілеуді көздейді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес шекті көтерме бағасының өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15%-дан аспауға тиіс.

Құжат «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес 15 мамырдан кешіктірілмей бекітіледі.


Соңғы жаңалықтар