Мамырдан бастап 1619 көпбалалы отбасына баспана берілді – Роман Скляр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көпбалалы отбасыларға 7,5 мыңға тарта пәтер беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 32,8 млрд теңге көзделген. Өңірлерге 14,9 млрд теңге аударылды, 14,8 млрд теңге немесе 99% игерілді. Қаражаттың төмен игерілуі Маңғыстау облысында байқалды (82%). Биыл кезекте тұрғандар үшін 6 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. 1 шілдеде 924 пәтер (47,6 мың шаршы метр) берілді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 50 млрд теңге қарастырылды (құрылысқа–27,6 млрд теңге, сатып алуға - 22,4 млрд теңге). Қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 9,7 млрд теңге аударылды, оның 9,6 млрд теңгесі немесе 99,6% игерілді. Барлық көздерден 7482 пәтер беру жоспарлануда.

«Мамыр айынан бастап 1619 көпбалалы отбасына тұрғын үй берілді»,- деді Р. Скляр

Соңғы жаңалықтар