Мамырда Өскемен мен Семей тұрғындары осыған дейін берілген рұқсаттамамен жүреді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семей қалаларының тұрғындары мамыр айында сәуірде берілген рұқсаттамамен жүреді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен, Семей аумағында жұрттың жүріс-тұрысы тек рұқсат қағазы арқылы жүзеге асуда. Рұқсаттаманың жасыл түсі - жұп күні, ал ақ түсі - айдың тек тақ күндері шығуға мүмкіндік береді.

Сол арқылы тұрғындар аптасына 3 рет сауда нысандарына, дәріханаларға, банктер мен медицина мекемелеріне баруда. Енді олар мамыр айында осыған дейін берілген рұқсаттамалармен жүре алады.

«25 сәуір мен 3 мамыр аралығында автокөлікке арналған қызыл және жасыл түсті рұқсаттама қызыл және көк түске жаңартылуда. Рұқсат қағаздарын беру ruksat.e-vko.kz порталындағы тізім бойынша жүзеге асырылады. Көліктің қызыл түсті рұқсаттамасы шаһардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметкерлеріне беріледі. Ал көк түсі негізгі кәсіпорындарға қызмет көрсететін мекемелерге (қоғамдық және тауарларды жеткізуге арналған көліктер және басқа), заңды тұлғаларға арналған» делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.


Соңғы жаңалықтар