Мамырда мұнай өнімдерін электронды биржада сату қайта жанданады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биржа комитеті электронды биржадан жанармай сатып алушыларға қойылған лимиттік шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Шынымен де былтыр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз етуде қиындықтар туындаған еді. Бұл бір жағынан шекаралас аймақтарда бағаның күр өсуімен байланысты болған еді. Ресей нарығында дизель бағасы литріне 300 теңгеге дейін баратынын білесіздер. Өзбекстанда былтыр дизельдің 1 литрі 350 теңгеің маңайында болды. Біз 1 литр дизельдің бағасын 200 теңгенің айналасында ұстауға тырыстық. Соның салдарынан қолда бар жанармай трназиттік жолмен, көлеңкелі ағыстармен сыртқа кете бастады. Тіпті тиісті бұйрықтардың болғаны да әсер ете алмады. Ол кезде «ҚазМұнайгаз», «ПетроСан» сияқты ірі өңдеушілердің бағасы мен арадағы делдалдардың бағасының арасында үлкен айырмашылық болған еді. Ірі өңдеушілер бағаны 210-212 мың теңге көлемінде сақтауға тынысты. Ал ажиотаж кезінде нарықта 1 тонна дизельдің бағасы 350 мың теңгеге дейін жетті. Мына жақтан Ресейдің қымбат импорты деп келіп жатты», - деді министрдің орынбасары.

Айтуынша, осының кесірінен ортада тиімсіз жеткізушілер пайда болған.

«Олар 212 мың тегеден сатып алып, нарыққа бірден 300-350 мың теңгеден сатпақшы болды. Биыл сол жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін мұнай өнімдерінің айналымы туралы заңнамаға түзету ұсындық. Мұнай өнімдерінің көтерме нарығына қатысу үшін жеткізушінің мұнай базасы болу керек. Сақтайтын орыны жоқтар нарықтан аластатылады. Қазір көтерме бағамен жанармай жеткізушілер мұнай базаларымен келісімшарт жасау арқылы ғана бұл бизнеспен айналыса алады. Яғни, жеткізушілердің ортасы мұнай базаларының мүмкіндігімен шектеліп отыр», - деген ведомство өкілі көтерме нарыққа жанармай жеткізушілердің кіріс мөлшерін бекітуді ұсынғандарын айтады.
Сонымен қатар ол мұнай өнімдерін электрондық биржада сатуды қайта бастау да ұсынылғанын жеткізді.
«Былтыр сәуір айында бензин мен дизельді осы алаңда белсенді сатқан едік. Бірақ тиісті лимиттер болған. Сатып алушы ретінде биржаға кіру құқығын алғандардың саны шектеулі болды. Өйткені мұндай сауда пилоттық жоба бойынша басталған еді. Сәйкесінше жылдық көлемі 20 мың тоннадан аз жеткізушілер қатыса алған жоқ. Жыл ортасында бұл лимитті 5 мың тоннаға дейін түсірдік. Биржа комитетінің шешімімен бір ай бұрын бұл лимиттің күші жойылды. Бұл өзгеріс ұсақ жанармай стансаларына электронды биржаға кіруге мүмкінідік береді. Осылайша ешбір делдалсыз, қажетті кқлемді тікеле сатып алады. Мамыр айында биржада сату қайта жанданады», - деді Әсет Мағауов.

Аталған шарада министрдің орынбасары мұнай өңдеу зауыттары егіске қажет дизельдің бір литрін 176 теңгеден сататынын айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар