Мамырда Қазақстан аусылдан таза ел деп танылуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанның бүкіл өңірлерінде аусылға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Сол үшін республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында айтты.

«Аусыл бойынша айтсақ, былтыр 14 қаңтарда Қарағанды облысында аусылдан қойласыз ошақ ашылған. 8 ақпанда жұмыстардың бәрі толық аяқталып, батыс, солтүстік, орталық өңірлерде аусылған қарсы екпе жұмыстары жүрді. Вакциналауға былтыр конкурс өткізгенбіз. 1 млрд 600 млн теңге үнемделген. Осы ақшаға аусылға қарсы екпе алынды. Ресей Федерациясының Владимир қаласында өндірілген вакцинаны сатып алғанбыз. Халықаралық бюроға мәліметтер берілді. Қазір сол жақтан комиссия тосып отырмыз. Наурыз, сәуір айларында келеді. Мамырда өтетін 90-сессиясында «Қазақстан аусылдан таза, вакцина қолдану керек» деген шешім қабылданады», - деді ол.

Комитет басшысы аусылға қарсы екпенің шығыны республикалық бюджеттен бөлінгендіктен, қарапайым мал иелері үшін бұл тегін болатынын ескертті.

«Биыл бүкіл республика бойынша вакцина егіледі. Сол үшін вацина сатып алу туралы конкурс жарияладық. Оған 3,5 млрд теңге қарастырылған.

Халықалық эпизоотикалық бюроның аса қауіпті аурулар тізбесінде 88 ауру енген. Оның 45-і белгілі бір кездері Қазақстан аумағында тіркелген. Бірақ соның тек 23-іне ғана республикалық бюджеттен вакцина сатып аламыз. Аусыл соның ішінде. Мемлекет өзі сатып алатын вакциналар халық үшін тегін. Мұны халық та, шаруа қожалықтары жақсы біледі», - деді Асқар Жақыпбаев.


Соңғы жаңалықтар