Мамырда ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 324 теңге болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы мамырда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 28 324 теңгені құрады. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы мамырда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,1 пайызға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 20,2, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,5, жемістер мен көкөністерді - 9,5, нан және жарма өнімдерін - 7,6, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2 пайыз құрады.

Соңғы жаңалықтар