Мамыр мерекелерінде қазақ-қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілері жұмыс жасамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемкірістер комитетіне сілтеме жасап.

Мереке күндеріне байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілерінде адамдар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді.

Қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуді жоспарлан отырған барша көпшіліктен шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз» деп ескертеді комитет.


Соңғы жаңалықтар