Мамыр мерекелерінде 2 ірі астероид Жерге жақын ұшады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6 және 9 мамырда екі ірі астероид Жердің маңына жақын ұшып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Astro News-ке сілтеме жасап.

АҚШ - NASA Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы серіктес телескоптар желісі мен Планетарлық қорғаныс үйлестіру бюросы арқылы барлық астероидты бақылайды. Басқарма оларды Жер үшін қауіпті және қауіпсіз деп жіктейді.

Екі астероидтың – 2009 JF1 және 467460 (2006 JF42) жуырда Жерге жақындауына келетін болсақ, хабарламада олардың ұшып өтуінен қауіп жоқтығы айтылады. 2009 JF1 астероидының диаметрі - шамамен 10 метр ғана және ол 2022 жылдың ақпан айында Еуропалық ғарыш агенттігінің бақылау тізімінен шығарылды. Бақылаулар оның Жермен соқтығысу ықтималдығы аз екенін көрсеткен болатын.

Екінші 2006 JF42 астероиды анағұрлым ірі, диаметрі – 380-нен 860 метрге дейін. Сонымен қатар, ол біздің планетамызға 5,7 млн шақырымға жақындайды. Бұл - Жер мен Айдың орташа қашықтығынан 14 есе артық.

NASA-ның соңғы ақпаратына сәйкес, «Бақытымызға қарай, кем дегенде 100 жыл бойы Жерге белгілі бір астероидтық қауіптер төніп тұрған жоқ».

Бұған дейін алғашқы жеке ғарыш миссиясы ХҒС-ға жеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар