Мамыр айының қорытындысы бойынша теңге нығайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев валюта нарығындағы жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы мамырда мұнай бағасының қалыпты өсуі және салықтық төлемдер кезеңі аясында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 428,71 теңгеге дейін 0,1%-ке нығайды. Геосаяси жағдайдың жақсаруы және орталық банктің негізгі ставкасының өсуінен кейін Федералдық қарыз облигациялары кірістілігінің нақты ставкасының өсуі аясында Ресей рублінің бір АҚШ доллары үшін 73,4 рубльге дейін 2,4%-ке нығайғаны байқалды», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, биылғы мамырда мемлекеттік бағалы қағаздарға, оның ішінде Ұлттық банктің ноттарына шетелдік инвестициялардың әкелінуі қайта жанданды, олар бір айда 99 млрд теңгеге өсті.

«Жергілікті оң факторларға қарамастан, дамыған елдердегі ақша-кредит талаптарының өзгеруі дамушы нарықтар валюталарының, оның ішінде теңгенің динамикасына әсер етуді жалғастыруда. Биылғы жылғы 9 маусымдағы жағдай бойынша теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 426,75 теңге деңгейінде қалыптасты», - деп атап өтті Е. Досаев.


Соңғы жаңалықтар