Мамыр айында тұтынушылардың сезіну индексі 1 пайыздық тармаққа өсті - Статистика

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Тұтынушылардың сезіну индексі» 2013 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа (+18%) өсті. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, сауалнамаға сәйкес, 2013 жылғы мамырда респонденттердің 32 пайызы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өткен. Ал сұралушылардың 14 пайызы осы уақыт аралығында жағдайдың нашарлағанын хабарлаған.

Бұдан бөлек, еліміздегі «Экономикалық ахуал индексі» өткен аймен салыстырғанда өзгермеді және +18%-ды құрады. Респонденттердің 31 пайызы алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсаратынын күтсе, ал 13%-ы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептеген.

Сонымен қатар, «Сатып алу ниетінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, +19% құрады. 2013 жылғы мамырда респонденттердің 33%-ы жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын айтса, 14%-ы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өткен.

Жалпы, сұралғандардың 15%-ның пікірі бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады. Дегенмен, сұралғандардың 11%-ы оған қарама-қарсы пікірді ұстанады. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай қорланым сомасының өсу мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 20%-ы атап өтсе, 21%-ы оның кемитінін айтқан.

Соңғы жаңалықтар