Мамыр айында тұрғын үйді алып-сату 19% азайды – статистика

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамыр айында Қазақстанда баспананы сату-сатып алу мәмілелерінің саны 19,0% азайды. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы қаңтар-маусым аралығында тұрғын үйлерді сату-сатып алу бойынша 223 391 мәміле жасалған. Мамыр айында мәмілелер саны 48 351 құрады, бұл сәуір айымен салыстырғанда 19,0% аз.

Жалпы, биылғықаңтар-мамырда тұрғын үйді сау-сатып алу мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеге артқан.

Өңірлер бойынша алсақ, мамыр айында баспананы алып-сату келісімдері ең көп Алматы қаласында жасалған – 6 188 (оның ішінде жеке үйлер – 630, көпқабатты үйдегі пәтерлер – 5 488). Одан кейін орындарда Қарағанды облысы – 6 055 (1 009 / 5 046), Маңғыстау облысы – 5 135 (1 753 / 3 382), Нұр-Сұлтан қаласы – 4 948 (185 / 4 763) тұр.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы мамыр айында елімізде баспана бағасы қалай өзгергенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар