Мамыр айында Шығыс Қазақстандағы әуе рейстері қайта ашылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында келесі айдан бастап әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Мемлекеттік комиссияның төрағасы, еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым. Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан-Семей», «Алматы-Семей» бағыттары бойынша бір рейстен ұшады», - дейді әкім.

Оның айтуынша, өңір көлемінде енгізілген шектеу режимінен шығу жоспарының бірінші қадамы экономикалық жағдайды тұрақтандыру бағытын нақты бағдарлауға мүмкіндік береді.



Соңғы жаңалықтар