Мамыр айында «Петропавл-Мәскеу-Петропавл» рейсі ашылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының басшылығы биыл Мәскеуге қатынайтын әуе рейсін ашуға уәде беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің Инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, «Петропавл-Мәскеу (Жуковский)-Петропавл» рейсі апта сайын сәрсенбі күндері ұшады. Ұшақтар Петропавлдан таңғы 8-де, Мәскеуден 00:50-де ұшады. Ұшу уақыты 3 және 4 сағат.

Билеттер құны 45 990 және 47 253 теңгені құрайды. Алғашқы рейс Петропавлдан мамыр айының аяғында ұшады деп жоспарланған.

Бұрын ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресейдің «ИрАэро» әуе компаниясына Қазақстан Республикасында аккредиттен өткені туралы куәлік берілгенін мәлімдеген. Компания көктемде және жазда аптасына 7 «Жуковский - Қарағанды - Жуковский» рейсін; аптасына 2 «Жуковский - Көкшетау - Жуковский» рейсін; аптасына 2 «Жуковский - Петропавл - Жуковский» рейсін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Аталған рейстермен RRJ (Sukhoi SuperJet-100) ұшақтары ұшады.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар