Мамыр айында «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 6 491, оның ішінде 2 555 жазбаша өтініш түскен

None
None
СТАНА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2010 жылдың мамыр айында «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 6 491, оның ішінде 2 555 жазбаша өтініштер келіп түсті, дейді бөлме меңгерушісі Жұмажан Жүкенов. Бұл туралы ол бүгін партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс қорытындысына орай өткізілген баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

«Өткен аймен салыстыра отырып талдау жасайтын болсақ, онда мамыр айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өтініштер 18 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштен аймақтардағы тұрғын үй саласының қызметіне тұрғындардың риза еместігін байқауға болады», дейді ол. Оның айтуынша, баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де өзектілігін жоғалтпай отыр. Сонымен қатар азаматтар өз өтініштерінде мемлекеттік пәтерлерді бөлу және пәтерді жалға алу мәселелерін де жиі көтеруде. Бұл орайда «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулиннің партияның Саяси кеңесі бюросында «партия осындай келеңсіз жағдайға партиялық бақылау арқылы араласып, аталған проблеманы нақты талқылауға шығару қажет», деген сөзін алға тартқан қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, қазіргі уақытта партия комиссиясының өз жұмысын бастағандығын атап өтті. «Аймақтардағы комиссияның мүшелері аталған мәселе бойынша жұмыстар атқарып, талдау жасауда және мониторинг жүргізуде», деді ол.

Сонымен қатар Қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтардан зейнетақы мен өтемақы төлеу, зейнетақыны, өтемақыны дер уақытында алмау сынды мәселерді де көтеру үстінде. Олардың барлығы да қазіргі уақытта өз шешімдерін тапқан.

«Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты шағымдар 7 пайызды құрап отыр», дейді Ж.Жүкенов. Оның сөзіне қарағанда, азаматтар тарапынан қылмыстық істерді тергеу мәселесіне байланысты құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне шағым беру жалғасу үстінде. Бұндай өтініштер өкілетті органдарға тексеру үшін жіберілуде. Сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғандығы туралы өтініштер де жиі түседі екен. Мәселен, оның айтуынша, партияның Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қызылорда және Жамбыл облыстарынан мемлекет қаржысының мақсатсыз жұмсалғандығы туралы 2 өтініш түскен. «Прокуратура органдарының тексеруі барысында аталған фактілер расталып, кінәлі тұлғалар жазаланды», деді Ж.Жүкенов.

Соңғы жаңалықтар