Мамыр айында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың мамыр айында Қазақстандағы жұмыссыздар саны 437 мың адамды құрады. Бұл жалпы еңбек күшінің 4,9 проценті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ресми түрде мамыр айының соңында ҚР жұмыспен қамту органдарында 153,4 мың адам немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 1,7 проценті жұмыссыздар ретінде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар