Мамыр айында Қазақстандағы кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі артты

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Өнеркәсіптік кәсіпорын басшылары 2013 жылдың мамыр айында сәуір айына қарағанда өндіріс көлемі мен дайын өнімге сұраныс ұлғайғанын, яғни олардың іскерлік белсенділігін артуына әсер еткендігін атап өткен. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметеріне қарағанда, іскерлік белсенділіктің өзгеруін белгілейтін кәсіпкерлік сенімділіктің индексі 2 пайыздық тармаққа өсіп +10%-ды құрады. Сұрауға қатысқан өнеркәсіптік кәсіпорын басшыларының басым бөлігі таяу уақытта, тамыз айына дейін өздерінің іскерлік белсенділігі артатынын болжаған.

Сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауынша, 2013 жылы мамыр айында тауар тұтынушылар сұранысының төмендеуі олардың іскерлік белсенділігінің өзгеруіне әкеліп соққан. Бұл ретте кәсіпкерлік сенімділіктің индексі 1 пайыздық тармаққа төмендеп, +6%-ды құраған.

Сұралған кәсіпорындардың 68 пайызы 2013 жылдың тамызына дейін қаржы-шаруашылық қызметі қазіргіге қарағанда өзгермейді деп болжаса, олардың 19 пайызы жағдайдың қазіргімен салыстырғанда жақсаратынын, ал 12 пайызы төмендеуі мүмкін екенін көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар