Мамыр айында Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы өткен мамыр айында тұрғын үй нарығында бағаның қалай өзгергені туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы мамыр айында оның алдыңғы сәуір айына қарағанда елімізде қымбаттады:

- абаттандырылған жаңа тұрғын үйлердің бағасы – 2,6%;

- абаттандырылған екінші нарықтағы үйлер – 0,9%;

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – 0,7%.

2021 жылдың мамыр айында 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда:

- абаттандырылған жаңа тұрғын үйлердің бағасы – 8,3%;

- абаттандырылған екінші нарықтағы үйлер – 13,3%;

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – 7,0% өсті.

Өткен айда 1 шаршы метрі үшін баға:

- жаңа үйлерде – 335 539 теңгені;

- екінші нарықтағы үйлерде – 264 129 теңгені;

- жалға алу төлемі – 1758 теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар