Мамыр айында елордада коронавирустың таралуы бәсеңдейді– болжам

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамыр айында елордада коронавирус инфекциясы бәсеңдеуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада жағдай тұрақталып келеді. Мәселен кейінгі екі күнде айтарлықтай жұқтырғандар аз тіркелді. Бұл алдын алу жұмыстарының арқасы десек болады. Қазір қалда азаматтарды экспрес-тесттерден өткізіп жатырмыз. Егер жұқтырғандар анықталып жатса – ол дұрыс. Яғни, алдын алу жұмыстарын да бұл жағдайда тезірек жүргізе аламыз», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында берген сұхбатында.

Басқарма басшысының айтуынша мамыр айында елордада коронавирус инфекциясы бәсеңдеуі ықтимал.

«Кейінгі тәулікте жұқтыру бойынша өсім 2,6 пайыздық деңгейде болды. Ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Коронавирус инфекциясы бәсеңдеп, азаматтарымыз тезірек қалыпты өмірге қайтып келер деген үміттеміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар