Мамыр айында баспана бағасы қалай өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті өткен мамыр айында тұрғын үй нарығында баға қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы мамырда оның алдыңғы аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы – 1%, абаттандырылмаған үйді алып-сату бағасы – 0,5%, жаңа тұрғын үйлерді алып-сату 0,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,2% қымбаттады», - делінген ақпаратта.

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, өткен мамыр айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1 шаршы метрі үшін 297 775 теңгені құрады.

Абаттандырылған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 208 148 теңге тұрды.

Ал абаттандырылмаған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы 128 730 теңгені құрады.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метрі үшін 1 577 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар