МӘМС жүйесінде жеңілдік алатындар санатына кімдер кіреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде жеңілдік алатындар санатына кімдер кіретінін түсіндірді, ,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет жеңілдік алатын санатқа енген 11 млн адам үшін жарнаны төлеп келеді», - делінген аталған қор баспасөз қызметінің агенттік тілшісіне берген жауабында.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес жеңілдік алатындарға осы санаттар енген:

балалар; жұмыссыз ретінде тіркелгендер; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; бала үш жасқа толғанша оған қарап отырған жұмыс істемейтін адамдар; жүктілік әрі босану және жаңа туған нәрестені асырап алуға қатысты демалысқа шыққандар, сондай-ақ бала үш жасқа толғанша оны бағумен отырғандар; мүмкіндігі шектеулі балаға қарап отырған жұмыс істемейтін адамдар; бала кезінен бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның күтімімен отырған жұмыс істемейтін адамдар; зейнетақы төлемдерін алушылар, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері; қылмыстық- атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімімен жазасын өтеп жатқандар; тергеу оқшаулағышында отырғадар; жұмыс істемейтін қандастар; көпбалалы аналар; мүмкіндігі шектеулі жандар; орта, техникалық әрі кәсіптік, жоғары білім, сондай-ақ ЖОО-дан кейінгі білім алу ұйымдарында күндізгі бөлімде оқып жатқандар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыс істемейтін адамдар.


Соңғы жаңалықтар