МӘМС жүйесінде елордалықтардың 18% сақтандырылмаған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – МӘМС жүйесінде елордалықтардың 82 пайызы сақтандырылған. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Астана қаласы тұрғындарының 82 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады. 31 қазандағы жағдай бойынша МӘМС жүйесіне қатысушылар саны - 1 070 887. Әлі 235 187 қала тұрғыны қамтылмай, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан тыс қалып отыр. Бұл олардың жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек алуын, аурулардың алдын алуын, медициналық диагностикаға қол жеткізуін қиындатады. Осы ретте енгізілген жаңа төлем механизмі оң ықпал етеді деп ойлаймыз», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айта кетейік, биыл қыркүйектен бастап бір жылға алдын ала жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне қатысудың жаңа тетігі іске қосылды. Оны ешқашан төлем жасамаған және жүйелі ақша аудармаған азаматтар қолдана алады. Яғни, енді бұл санаттағы азаматтар өткен кезеңдерге ақша төлемей, алдағы 12 ай үшін жарна аударып, сақтандыру мәртебесін ала алады.


Соңғы жаңалықтар