+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

МӘМС жүйесі енгізілсе, ауылда барлық медициналық қызметтер қолжетімді болады

2019 жылғы 15 қараша 13:55
Бөлісіңіз:
МӘМС жүйесі енгізілсе, ауылда барлық медициналық қызметтер қолжетімді болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында 2020 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілетін МӘМС жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда 10 мың адамға қызмет көрсететін отбасылық денсаулық орталығы ашылды Қоғамдық денсаулық сақтау институты әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырды Нұр-Сұлтанда әрқайсысы 23 млн теңге тұратын 20 жедел жәрдем көлігі сатып алынды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады.

Қор басшысының айтуынша, тұрғындар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында, 2025 жылға дейін медицина саласын қаржыландыруды ЖІӨ-нің 5%-ына дейін жеткізу міндеті қойылған.

«2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында, денсаулық сақтау жүйесіне жарты млрд теңгеден аса қосымша қаражат құйылады. Яғни, биыл кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде 1 трлн теңгеге жуық қаржы бөлінсе, енді бұған қосымша 500 млрд теңге бөлінеді, яғни, ақысыз медициналық қызметтерге бөлінетін қаржы мөлшері 1,5 есе өседі», - деді А. Жұмағұлов.

Ал кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі келесі жылы шамамен 1 трлн теңге көлемінде, сол деңгейінде қалады, бюджетте қазір оған 988 млрд теңге қарастырылған. Сондықтан кез келген азамат тегін медициналық көмек көлемін қажет кезінде пайдалана алады.

«Медициналық қызметтердің азаматтар үшін қолжетімсіз болуы бірінші кезекте қаржыландырудың шектелуіне байланысты. Бұрын қымбат медициналық диагностикалық қызметтер, әсіресе, компьютерлік томография, МРТ, басқа да анализдер қолжетімді болмады, әсіресе, ота жасау кезегін кейде 2-3 ай бойы күтуге тура келетін. Енді біздің негізгі мақсатымыз - аса қажет медициналық қызметтер көлемін қаржыландыруды ұлғайту арқылы олардың қолжетімділігін арттыру», - деп түсіндірді сала басшысы.

Оның айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуімен, ауылдық жерлерде тұратын азаматтар аудандық ауруханаларға барумен шектеліп қалмайды, олар үшін барлық деңгейдегі көптеген медициналық қызметтер қолжетімді болады.

«Егер ауыл тұрғындары қандай да бір күрделі медициналық қызметтерге жүгінгісі келсе, облыстық немесе республикалық деңгейге шығып, сол қызметті алуға мүмкіндіктері болады. Бұл жағынан ешқандай шектеу жоқ», - деп нақтылады А. Жұмағұлов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT