МӘМС жүйесі бойынша 29 млн теңгеге жалған есеп берілген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары бірінші тоқсанда көрсетілген медициналық қызметтердің тізіміне 3823 қызмет өтірік енгізілгенін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

«Қор халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша сарапшыларымыз 203,6 мың ақауларды анықтады. Келген шығын айыппұлдарды есепке алғанда 3,5 млрд теңге болды», - деді қор басшысы.

Сондай-ақ, Болат Төкежанов медициналық ұйымдардың проактивті мониторингі жаңа енгізілімі туралы ақпарат берді.

«Анықталған ақаулардың ішінде 29,3 млн теңгеге 3 823 жалған есеп берілген. Бұдан былай ақау анықталған жағдайда, жеткізуші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жоюы керек. Жойылмаған жағдайда айыппұлдар көзделген», -деп қосты қордың басқарма төрағасы.

Жалпы бірінші тоқсанда 321 медициналық ұйымда проактивті мониторинг жүргізіліпті.

«610 млн теңгені құрайтын 61 362 әлеуетті ақау анықталды. Алғашқы тәжірибе медициналық ұйымдар үшін жағдайды түзетуге және одан әрі ақаулардың алдын алуға мүдделі екенін көрсетті. Проактивті мониторинг қорытындысы бойынша 61 мың ақаудың тек 10,4 мың ақауы бойынша медициналық ұйымдарға айыппұл салынды», - деді Болат Төкежанов.


Соңғы жаңалықтар