МӘМС: Шымкентте денсаулық саласын қаржыландыру 40 пайызға артты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров бастаған топ Шымкентке келіп, аймақтық штаб мүшелерімен бірқатар медициналық ұйымдарды аралады. Сондай-ақ аталған саладағы өзекті мәселелер бойынша медицина мамандарымен пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артты. Жаңа жүйе бойынша қаржыландыру көлемін арттыру ғана емес, тарифтердің және медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделген. Осы мақсатта халыққа қызметті қолжетімді ету үшін қосымша 500 млрд қаржы бөлініп отыр. Бұл қаражат халыққа қызметті жақындату үшін жұсалмақ.

«Бейінді мамандардың қызметі бүгінге дейін ақылы болып келсе, енді біз тегін жасауға тырысамыз. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу арқылы Шымкент қаласы бойынша бөлінген қаржы көлемі артып отыр. Қаржының көбеюі арқылы медицина қызметкерлерінің жалқасын көтеру бағыттары бойынша жұмыстар іске аспақ. Нақтырақ айтқанда, дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға артса, орта буынды медицина қызметкерлерінің айлығы 20 пайызға көтерілді», - деді Айбатыр Жұмағұлов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Шымкенттегі медицина ұйымы басшыларымен кездесіп, МӘМС жүйесі бойынша көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің барысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар