МӘМС: Шығыс Қазақстанда 180 мыңнан астам бала тегін емделді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 180 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы облыстық Ана мен бала орталығы базасында Балаларды оңалту орталығы ашылған.

Бүгінге дейін бұл медициналық мекемеде 300-ден астам бала емделді. Мұнда түрлі жарақат алған, отадан кейін, ДЦП диагнозы бар және кардиохирургиялық науқас балаларды оңалту жұмыстары жүргізіледі.

«Бұл жерде ең жоғары технологиялық жабдықтар мен оңалтудың ең озық әдістемелері пайдаланылады. Елімізде оңалту саласына былтырдан енгізілген медициналық сақтандыру жүйесінің пайдасы мол болды. Мәселен, қазір кішкентай пациенттер жылына үш рет оңалту орталығына келіп, ем ала алады», - дейді оңалту орталығының меңгерушісі Азамат Райымбеков.

Заманауи оңалту орталығының мамандары МӘМС жүйесінде балалар медициналық көмектің барлық түрін толықтай тегін алатынын атап өтті.

Балаларға мультидисциплинарлық дәрігерлер командасы, яғни реабилитолог, невролог, психолог, травматолог-ортопед, тәрбиеші, нейрохирург, физиотерапевт, педиатр, массаж маманы қызмет көрсетеді.

Арнайы жабдықталған бөлмелерде мамандар пациенттермен жұмыс істеуде.

Жалпы МӘМС аясында бүлдіршіндерге 231 млн теңге сомасында 180 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар