МӘМС: Шығыс Қазақстан облысында 217 мыңға жуық адам ем алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 217 мыңға жуық адам ем алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбіловтың айтуынша, биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша медициналық оңалту, консультациялық-диагностикалық көмек, профилактикалық қарап-тексеру сынды қызметтер көрсету айтарлықтай артып отыр. Осы жылы МӘМС аясында 217 мыңға жуық адам ем алды. Тәуліктік стационарда 150 мыңнан астам пациент емделді. Оның ішінде 280 пациентке жоғары технологиялық көмек көрсетілген. Инфекциялық бөлімшелерде КВИ-мен ауыратын 9 мыңға жуық н ауқас тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында емделді.

МӘМС жүйесін іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – сақтандырылмаған азаматтардың көрсеткіші. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1,1 млн-нан астам адам немесе 81,6% сақтандырылған. Ал 251 мың адам әлі сақтандырылмады, бұл - облыстың әрбір бесінші тұрғыны. Сондықтан қор филиалы азаматтардан өзінің сақтандыру мәртебесін анықтауды сұрайды.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап қордың 1406 нөмірі бойынша «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастаған. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері орталықтың жұмысы тәулік бойғы режимге ауыстырылды. Азаматтардың өтініштерін өңдеудің үш деңгейлі моделі әзірленді.

«Биыл ШҚО тұрғындарынан 26 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның 25 мыңы консультациялық сипатта болған. Бұдан бөлек, 467 шағым, 505 алғыс, 11 ұсыныс келді. Олардың барлығы тиісті мерзімде қаралды», - деді Ғалымжан Әбілов.



Соңғы жаңалықтар