МӘМС: ШҚО тұрғындарына күрделі оталар сәтті жасалуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында күрделі оталар сәтті жасалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы бүгінгі таңда аймақ тұрғындарына жоғары технологиялы медициналық қызметтерді көрсету жөнінен көш бастап тұр. Бұл әсіресе кардиохирургиялық көмектерге қатысты.

Жоғарғы технологиялы кардиохирургиялық көмек әрбір мұқтаж пациентке кепілдендірілген тегін медициналық көмек және әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы қолжетімді. Осы жылдың басынан өңірдің 7 тұрғынына орталық транскатетерклапанын имплантациялау отасы МӘМС арқылы жүргізілген.

«Бұл мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек. Дәл осындай ота елордадағы Кардиологиялдық орталықта жүзеге асырылып келеді. Шалғайда жатқан өңірлердегі ауруханалардың дәл осындай көмекті көрсете алуы үлкен жетістік. Біздің медициналық мекемеде барлық жағдай жасалған: заманауи құрал-жабдық, тиісті даярлықтан өткен дәрігерлер тобы бар. Айта кетерлік бір мәселе – жүрекке салынатын материалдың қымбаттылығы. Бір клапан 5-6 млн теңгеге дейін тұрады», - деді ШҚО ауруханасы кардиохирургия бөлімшесінің жетекшісі Еділ Ботабаев.


Соңғы жаңалықтар