МӘМС пен тегін медициналық көмектің қаржы ағынын біріздендіру не үшін қажет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінен кейін МӘМС пен тегін мединалық көмектің қаржы ағындарын біріздендіру не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүйедегі азаматтардан МӘМС-ке түсетін қаржы мен бюджеттен кепілдендірілген тегін міндетті медициналық көмек аясында бөлінетін қаражаттың бюджеттік бағдарламалары біріктіріледі. Қазір бұл қаражаттар түрлі бағдарламалар арқылы өтеді. Әрбір медициналық ұйым бір ғана қызметке 60-тан 80-ге дейін келісімшарт жасайды. Мысалы, алғашқы медициналық-санитариялық қызмет МӘМС арқылы да, тегін мелициналық көмек аясында да бірыңғай индикатормен көрсетілуі керек. Сонда қай ұйымның неше қызмет көрсеткенін, оларға нақты индикаторлар қою жұмыстары жеңілдейді. Олардың әкімшілендіру де өте қиын», - деді Ажар Ғиният.

Айтуынша, қазір медициналық қызметкерлер қазір осы қызметтерді әкімшілендіру үшін көп уақыт шығындап жүр.

«Ақшаның игерілуін сақтандыру қоры мен бюджет органдары дербес реттеп отырады. Тек медициналық ұйыммен бір ғана келісімшарт жасалады. «Сіз МӘМС бойынша мына қызметтерді көрсетіп, мына индикаторларға қол жеткізуіңіз керек. Ал тегін медициналық көмек аясында мына қызметтерді көрсетіп, мына көрсеткіштерді орындауыңыз керек» деген сияқты шарт жасалып, талап қойылады. Демек, бұл шара көрсетілетін медциналық қызметтің сапасын қадағалауды жеңілдетеді», - деді министр.

Бұған дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен МӘМС қаржысы біріктірілетіндігі туралы айтылды.


Соңғы жаңалықтар