+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

МӘМС: Өз мәртебеңді қалай анықтауға болады

2020 жылғы 6 ақпан 21:55
Бөлісіңіз:
МӘМС: Өз мәртебеңді қалай анықтауға болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңізді 1 минут ішінде тексеруге болады. Мәртебені тексеру үшін телефон немесе компьютер болса жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәртебені тексерудің ең жылдам 3 жолы бар: № 1 әдіс - fms.kz сайтына кіріп, жыпылықтап тұрған «Мәртебені анықтау» плагинін басу – ЖСН енгізу – дайын.

№ 2 әдіс - Telegram қосымшасында SaqtandyryBot-чатын табыңыз. «Start»-ты басыңыз – тілді таңдаңыз – «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» қосымша парағын таңдаңыз – ЖСН енгізіңіз – дайын.

№ 3 әдіс - WhatsApp мессенджерінде 87001031406 нөмірі бойынша – тілді таңдаңыз – одан әрі нұсқаулық бойынша «4» цифрін (мәртебесін анықтау) басыңыз – ЖСН енгізіңіз – дайын.

«31 наурызға дейін елдің барлық тұрғындары «шартты түрде сақтандырылған» болып табылады. Бұл уақыт азаматтардың барлығына өз мәртебесін анықтау үшін тұрақты жарналар жасай бастау үшін беріледі. Себебі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап медициналық сақтандыруға кіретін қызметтерді, соның ішінде, қымбат тұратын зерттеулер, операцияларды тегін алуға тек сақтандырылған, дәлірек айтар болсақ, тұрақты жарналарды өздері жасайтын, жалақыдан жарналар ұсталатын және жеңілдік категорияларына кіретін және мемлекет сақтандырған азаматтар ғана құқылы болады», - деді медсақтандыру Қоры Қарағанды филиалының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Светлана Щеткина.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT