+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

МӘМС: Медсақтандыру қорына елордалықтар 28 млрд теңге жарна салды

2019 жылғы 10 желтоқсан 22:55
Бөлісіңіз:
МӘМС: Медсақтандыру қорына елордалықтар 28 млрд теңге жарна салды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қарашасы аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен медициналық сақтандыру жарнасының жалпы көлемі 28 млрд теңгеден астам соманы құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Балалар, коронавирус және дәрі-дәрмек: ӘМСҚ халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді МӘМС аясындағы көмек 96 жастағы зағип ақсақалдың жанарына жарық сыйлады

Бұл республика бойынша аударым мен жарнаның жалпы сомасының 12,3%.

«2019 жылдың 1-30 қарашасы аралығында елордалық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер өз жұмыскерлері үшін 1,124 млрд теңгеден аса медициналық сақтандыру жарнасын аударған. Олардың қомақты бөлігі - 1,121 млрд теңгесі (99.70%) елордалық жұмыс берушілерге тиесілі. Ал 3 млн теңгеден астамы – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтін тұлғалардан түскен жарналар», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Нұр-Сұлтан қаласы жарна төлеу жағынан Алматы қаласынан (20,5%) кейін екінші орында, ал үшінші орында – Қарағанды облысы (8,1%).

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен барлық жарна, яғни жинақталған қаржы, Ұлттық банкпен арада жасалған сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады. 2020 жылдан бастап бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT