+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

МӘМС: Қостанай облысының тұрғындары 1 млрд 292 млн теңге аударды

2020 жылғы 14 наурыз 04:00
Бөлісіңіз:
МӘМС: Қостанай облысының тұрғындары 1 млрд 292 млн теңге аударды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Сәуле Аймұхамбетованың айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өңірде медициналық сақтандыруға 11 млрд 387 млн теңге жарна аударылды. Оның ішінде осы жылы 229 769 адамнан 1 млрд 292 млн теңге сомасына жарна мен аударымдар түскен.

«Медициналық сақтандыруды енгізу қысқа мерзім ішінде нәтижесін беруде. Мысалы, егер МРТ түсіру бойынша 2019 жылдың екі айында 167 қызмет көрсетілсе, ал биыл қаңтар айында ғана 186 қызмет іске асқан. Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстық ауруханада 59 ота жасалды. Жоғары технологиялық медициналық қызметтер бойынша жыл басынан бері төрт операция сәтті аяқталды. 2019 жылы мейірбикелік күтім төсектерінде емделушілерге тек ақылы негізде көмек көрсетілсе, өткен жылдың 2 айында барлығы 13 науқас қана ақылы емделді. Бұл қызметтердің барлығы МӘМС есебінен көрсетіледі», – дейді Сәуле Аймұхамбетова.

Облыс тұрғындары кепілдендірілген тегін медициналық көмекті толығымен пайдалана алады. Бұған әлеуметтік маңызы бар сырқаттарды емдеу ғана емес, екпе егу, шұғыл көмек, жедел жәрдем мен санитарлық авиация қызметі кіреді. Кез келген адам шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарлық әрі амбулаторлық көмекке жүгіне алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT