МӘМС: Қостанай облысында 730 мың адам сақтандырылған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстағы әлеуметтік бастамалардың іске асырылуы туралы брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда ол МӘМС, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын қабылдау, АӘК жаңа форматы сынды әлеуметтік саясаттың негізгі жаңашылдықтарымен таныстырды.

«2019 жылдың соңында »Педагог мәртебесі туралы« ҚР Заңы қабылданғаны мәлім. Нәтижесінде облыс педагогтары үшін бірқатар әлеуметтік шаралар қарастырылған. Жаңа жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25% - ға өсті. Осы мақсаттар үшін үш жылға 84,5 млрд теңге сомасына республикалық трансферттер бөлінді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да көрсеткіштеріміз жақсы. Бүгінде Қостанай облысында 730 мың адам шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі. Тағы 405,2 мың тұрғын жарна төлемейді, өйткені олар ай сайын мемлекеттен қолдау көрсетілетін азаматтардың санатына кіреді. Олар автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін алады және медициналық қызметтердің қосымша пакетіне қол жеткізеді», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Марат Жүндібаев кепілді көлем шеңберінде сақтандырылмаған азаматтарға да алғашқы медициналық көмек, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу қолжетімді болатындығына тоқталды.

Сонымен қатар АӘК-тің жаңа тәсілдері бала санына байланысты (42 500-ден 74 400 теңгеге дейін) көпбалалы отбасыларға жәрдемақы енгізуді көздейді. Қостанай облысына мұндай көмек түрін 5260 отбасы алады. АӘК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған шараларынан бас тартқандарына көрсетілмейді. Сондай-ақ балаларға арналған АӘК бекітілген төлемдері жойылды.


Соңғы жаңалықтар