МӘМС: Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін өз мәртебесін анықтауы тиіс
«Осы уақытқа дейін елдегі барлық тұрғындар МӘМС аясында мәртебесіне қарамастан медициналық көмек ала алатын. Ал 1 сәуірден бастап бұл қызметті толық көлемде алу үшін сақтандыру жасау керек», - деді Т.Әбілдаев.
Брифинг барысында Алматыда 48 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғаны айтылды. Бұл санат үшін медициналық сақтандырудың 2 түрі қарастырылған.
«Бүгінде олар ең төменгі жалақының 5 пайызын (2125 теңге айына) төлесе болады. Немесе бірыңғай жинақтық төлем аударса жеткілікті. Яғни ол қала тұрғындарына 1 АЕК-ті (2651 теңге) құраса, ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК (1326 теңге)», — деді ол.
Қазақстандықтар МӘМС салымын «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, 25 екінші деңгейлі банк және 7 интернет-банкинг порталы арқылы төлей алады.
Тұтынушылар медициналық мекемеге бармас бұрын өз мәртебесін e-gov порталындағы Telegram-боттың көмегімен немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайттарындағы сілтемелерге өту арқылы біле алады.