МӘМС аясында көмек алғандар 63 пайызға артқан - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық көмек алғандар саны 63 пайызға артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір емханаларында консультативтік-диагностикалық көмек көрсету көлемі 63 пайызға артқан. Бұл медициналық мекемелердегі кезекті біршама қысқартуға және сақтандырылған тұрғындар үшін тегін тексерулерге жылдам жолдама алуға мүмкіндік берді.

Медициналық сақтандыру қорының қаржыландыруымен 33 мыңнан астам КТ, МРТ қызметтері және 162 мың скринингтік зерттеулер қаржыландырылды. Жалпы облыс бойынша 6,4 млрд тенге сомасына 3,7 млн қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1 млн-ға артық.

«Әлбетте, жұмылдырылған күш пен қаржының басым бөлігін коронавируспен күрес алып отыр. Десе де халыққа жоспарлы әрі ең маңызды медициналық көмектің көлемін өсіруді тоқтатқан жоқпыз. Бұл бағытта МРТ, КТ сияқты қымбат диагностикалық зерттеулер, оңалту қызметтері назардан тыс қалмады. Оңалту шараларының да маңыздылығы зор. Әсіресе коронавирус инфекциясына шалдыққандарды оңалтуға көп көңіл бөлінуде», - дейді филиал басшысы Ғалымжан Әбілов.

Оның айтуынша, осы жылдың 6 айында оңалту шараларына 915 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Оның ішінде күндізгі стационарларда - 1017 пациентке, тәулік бойғы стационарларда - 4 684 пациентке қызмет көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар