МӘМС аясында кімдер тісін тегін емдете алады

None
Ашық көздерден алынған фото
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында кімдерге тіс емдеу процедуралары тегін көрсетіледі? Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Солтүстік Қазақстан облыстың филиалының директоры Лариса Гордеева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалының мәліметінше, биыл тегін стоматологиялық қызмет көрсету мақсатында 26 емдеу мекемесімен келісім-шарттар жасалды. Соның ішінде 18-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік клиникалар.

«Облыста және елімізде стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тізімін fms.kz ресми сайтынан табуға немесе емхананың өзінен білуге болады. Тегін стоматологиялық қызмет алу үшін емханадан жолдама алудың қажеті жоқ. Ең бастысы, науқас МӘМС-те стоматологиялық көмек алушылардың санатында болуы тиіс немесе медициналық көрсеткіштері болуы керек», - дейді филиал директоры Лариса Гордеева.

Стоматологиялық клиникалар амбулаториялық негізде консультациялық-диагностикалық қызметтер мен манипуляцияларды ұсынады. Мұнда пломба салу, алып тастау сияқты ем-домдар бар.

«18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер ғана күнделікті стоматологиялық күтімді ала алады. Қатты ауырған кезде 10 санаттағы азаматтарға, соның ішінде балалар мен жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, мүгедектігі бар азаматтарға және оларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға, соның ішінде мүгедек балаларға немесе бірінші топтағы мүгедектерге, әлеуметтік маңызы бар және жұқпалы аурулары бар науқастарға, көпбалалы аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және т.б. тегін қызмет көрсетіледі», - дейді Лариса Гордеева.


Соңғы жаңалықтар