МӘМС аясында 865 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілді - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында МӘМС аясында 865 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір жұртшылығына бір жылда МӘМС бойынша 865 мыңнан астам стоматологиялық қызмет көрсетілген.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек алуға мүмкіндік берді. Ал шұғыл жағдайларда зейнеткерлер, көпбалалы аналар, мүгедектер, оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, АӘК алушылар, белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер қарала алады. Өткен жылы осы мақсатта 1,9 млрд теңге жұмылдырылды», - деді филиал басшысы Ғалымжан Әбілов.

Өз сөзінде ол қорда стоматологиялық көмек пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауы негізінде көрсетілетінін, яғни учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейтінін еске салды.

Қызметтерді алу үшін қормен келісімшарты бар жеке стоматологияны таңдауға немесе өз емханаңыздың стоматологиялық кабинетіне жүгінуге болады.


Соңғы жаңалықтар